Spremljeno u:
Bibliografski detalji
Glavni autor: К.Н.МАЙРАМБАЕВА
Format: Recurso digital
Jezik:
Izdano: Zenodo 2025
Teme:
Online pristup:https://doi.org/10.5281/zenodo.17461239
Oznake: Dodaj oznaku
Bez oznaka, Budi prvi tko označuje ovaj zapis!
Sadržaj:
  • <p><em><span lang="KZ">Бұл мақала профессор А.Ж.Қараевтың үшөлшемді әдістемелік жүйесінің мектеп информатикасын оқытудағы қолданылу мәселелерін зерттеуге арналған. Зерттеу барысында осы әдістемелік жүйенің тиімділігі, оқушылардың дағдыларын дамытудағы рөлі және оның білім беру процесіне әсері қарастырылады. Қазіргі таңда үшөлшемді әдістемелік жүйенің қолданылуы мен оның артықшылықтары жеткілікті түрде зерттелмеген. Бұл әдістемені зерттеу білім беру сапасын арттыру үшін маңызды болып табылады, себебі оның ақпараттық технологиялар мен математикалық пәндермен байланысын тереңірек түсіну қажет. Зерттеудің мақсаты — үшөлшемді әдістемелік жүйенің мектеп информатикасын оқытудағы тиімділігін анықтап, оның білім беру процесіне ықпалын бағалау. Зерттеу міндеттері ретінде ҮӨӘЖ технологиясы бойынша мұғалімдерден сауалнама алу, әдістемелік жүйенің енгізудегі қиындықтары мен артықшылықтарын талдау және олардың білім беру жүйесіне әсерін бағалау қарастырылады. Зерттеу барысында сауалнама әдісі қолданылды. Мұғалімдерден алынған мәліметтерді талдау арқылы әдістемелік жүйенің тиімділігі, енгізудегі қиындықтар мен артықшылықтар анықталды. Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру стандарттарының ықпалы мен әдістемені жергілікті мектептерде қолданудың мәселелері зерттелді. Зерттеу нәтижесінде үшөлшемді әдістемелік жүйенің оқушылардың дағдыларын дамытудағы тиімділігі көрсетілді. Мұғалімдерден алынған сауалнама нәтижелері әдістемені енгізудегі қиындықтар мен оның артықшылықтарын анықтауға мүмкіндік берді. Бұл жүйе білім беру процесін жақсартуға және оқушылардың оқу нәтижелерін арттыруға ықпал етеді.Зерттеу нәтижелері үшөлшемді әдістемелік жүйенің мектеп информатикасын оқытуда тиімді қолданылуы үшін практикалық ұсыныстар мен нұсқаулықтар береді. Бұл әдістемелік жүйенің ғылыми зерттеулер мен мектеп басқару тәжірибесінде қолданылуының маңыздылығы атап өтілді. Әдістемені енгізудегі кедергілер мен олардың шешімдері ұсынылып, білім беру саласындағы жаңашылдықтарды қабылдаудағы қиындықтар анықталды.</span></em></p>