Taula de continguts:
  • <p><em><span lang="UK">Бұл жұмыста жер ресурстарын жоспарлаудың ғылыми-теориялық негіздері және олардың тарихи эволюциясы қарастырылады. Жердің табиғи, экономикалық және әлеуметтік маңызын ескере отырып, жер ресурстарын басқару мен жоспарлаудың негізгі принциптері мен әдістемелері талданады. Тарихи кезеңдерге сүйене отырып, жерді жоспарлаудың табиғи-ландшафтық, экономикалық және құқықтық бағыттарының қалыптасуы мен даму үрдістері сипатталады. Сонымен бірге қазіргі заманғы геоақпараттық технологиялардың, қашықтықтан зондтаудың және цифрлық кадастрдың жер ресурстарын жоспарлаудағы рөлі баяндалады. Жер ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететін тұрақты даму тұжырымдамасының маңызы ерекше атап өтіледі. Жұмыс нәтижесінде жер ресурстарын жоспарлау ғылымының кешенді, көпсалалы және үздіксіз даму үстіндегі жүйе екендігі айқындалады.</span></em></p>